#Абай175: мерейтой хроникасы

2019 жылы

 • 30 мамыр 2019 ж.-Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 30 мамыр 2019 ж. № 55 Жарлығы: http://www.akorda.kz

•  6 маусым 2019 ж. - «Абай музейінің хабаршысы» журналының бірінші саны жарық көрді: http://abay-museum.kz
• 26 тамыз 2019 ж. - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 134 Жарлығы: http://adilet.zan.kz

• 1 қыркүйек 2019 ж. - Павлодар облысында Абай атындағы жаңа №28 Абай атындағы мектептің жаңа ғимараты ашылды: https://pavlodar.gov.kz

• 1 қыркүйек 2019 ж. - Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп ашылды: https://www.inform.kz

 • 9 желтоқсан 2019 ж. - ТҮРКСОЙ 2020 жылды түрік әлемінде "Абай Құнанбайұлы жылы" деп жариялады:

https://www.kazpravda.kz

2020 жылы
Қаңтар

• қаңтар 2020 ж. - Мәскеуде Абай жинағы жарық көрді:  https://tengrinews.kz

• 9 қаңтар 2020 ж. - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы: http://www.akorda.kz

• 10 қаңтар 2020 ж. - Жаңартылған Абай энциклопедиясы Ұлттық кітапханаға тапсырылды: https://almaty.tv

• 13 қаңтар 2020 ж. - «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды: https://ainews.kz

• 16 қаңтар 2020 ж. - Алматыда «Абай» әдеби орталығы ашылды: https://egemen.kz

• 21 қаңтар 2020 ж.- Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды: https://informburo.kz

• 24 қаңтар 2020ж. -АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды: https://almaty.tv
• 28 қаңтар 2020 ж. - Чехияда «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды: https://egemen.kz

• 29 қаңтар 2020 ж. - Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен " Абай музейі және қолжазбалар әлемі" атты көрменің тұсаукесері өтті: https://egemen.kz

• 30 қаңтар 2020 ж.-Будапештте Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын атап өтті: https://ainews.kz
• 30 қаңтар 2020 ж. - Түркі баласы Абайды ұлықтауды бастады: https://aikyn.kz

• 30 қаңтар 2020 ж. - Әзербайжанда Абай жылы басталды: https://ainews.kz

• 31 қаңтар 2020 ж. - Ел астанасы Нұр-Сұлтанда, №87 мектеп-гимназиясында Абайтану ғылыми танымдық орталығы ашылды: https://old.elorda.info/kk

• қаңтар 2019 ж.-Абайдың Жидебай-Бөрілі қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Абай музейінің хабаршысы» ғылыми-танымдық журналының 2019 жылғы №1 саны жарық көрді: https://abaialemi.kz

Ақпан

• 4 ақпан 2020 ж. - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында «Ғажайып адамдардың өмірі» сериясымен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабының тұсаукесері болып өтті:
http://nabrk.kz

• 4 ақпан 2020 ж. - Литвада Абайдың 175 жылдығына арналып тоғызқұмалақтан жарыс өтті: https://www.inform.kz

• 5 ақпан 2020 ж. - Ди­ми­тров атын­­дағы №1 мектеп­ке Абай Құнан­байұлының аты берілді: https://egemen.kz

6 ақпан 2020 ж. - Алматыда Абайға ескерткіш қойылды: https://sputniknews.kz

• 9 ақпан 2020 ж. - Адамзаттың алыбына арналған айтыс (Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған алғашқы аламан айтыс мәреге жетті): https://egemen.kz

• 14 ақпан 2020 ж. - Абай ауданының Қарауыл ауылында әлемдік деңгейдегі ой алыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты республикалық бүркітшілер сайысы өтті: https://egemen.kz

• 17 ақпан 2020 ж. - Қызылорда қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлы даланың ұлағаты" атты республикалық ақындар айтысы өтті: http://lenta.inform.kz

• 23 ақпан 2020 ж. - Өскеменде «Abai175» белгісі қойылған автокөліктер шығарылды: https://egemen.kz

• 24 ақпан 2020 ж. - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын жариялады: https://24.kz

• 24 ақпан 2020 ж. - Таразда Абай атындағы фестиваль өтті: https://egemen.kz

• 24 ақпан 2020 ж. - Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды: https://egemen.kz

• 25 ақпан 2020 ж. - Ақын мұралары - Барнауылда (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы Ресейдің Барнауыл қаласында өтті): https://egemen.kz

• 26 ақпан 2020 ж. - Семей қаласында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры – Құнанбай» атты көрме ашылды: http://ult.kz

• 28 ақпан 2020 ж. - Абайдың "Қара сөздері" Каталонияның Ұлттық кітапханасына тапсырылды: http://mfa.gov.kz

• 28 ақпан 2020 ж. - Түркістан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Арай-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды: https://egemen.kz

• 28 ақпан 2020 ж. - Абай әлемі адастырмайды:  Назарбаев университетте «Абай оқулары» байқауы өтті: https://egemen.kz

Наурыз

• 4 наурыз 2020 ж. - Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте 10-11-сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті: http://lenta.inform.kz 

• 5 наурыз 2020 ж. - Семейлік оқушылар "Ұлы даланың ұлы Абайы" атты республикалық балалар өнер байқауында күй орындап, бірінші орынды иеленеді: https://www.inform.kz

• 5 наурыз 2020 ж. - Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының қабырғасынан  «Абай» әдеби  залы ашылды: https://egemen.kz

• 13 наурыз 2020 ж. - Мажарстанның Сегед қаласында Абай оқулары өтті: https://egemen.kz

• 13 наурыз 2020 - Ұлы ақынның мұралары - Отырар төрінде: Түркістан облысы Отырар ауданында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Шежірелі Шыңғыстаудан – киелі Отырарға» тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті: https://egemen.kz

 Сәуір

 • 16 сәуір 2020 ж. - -«Абай және рухани мұра» халықаралық онлайн-конференциясы академиялық кітапханада өтті: https://qazaqadebieti.kz

 • 23 сәуір 2020 ж.  - Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне  ҚР Үкіметінің қаулысымен Абай есімі берілді: http://lenta.inform.kz

 • 29 сәуір 2020 ж. -  Шығыс Қазақстан: Семей әуежайына ұлы Абайдың есімі берілді: https://egemen.kz

 Мамыр

• 21 мымыр 2020 ж. - Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты «Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы» атты онлайн конференция өтті: http://jebeu.kz

• 21 мамыр 2020 ж. - Түркі академиясы, онлайн конференция барысында Абайдың түрік, әзербайжан, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған шығармаларының тұсауын кесті: http://jebeu.kz

• 25 мамыр 2020 ж. - Бішкекте қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді: https://kazakh-tv.kz

Маусым

• 2 маусым 2020 жыл. -  ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Жүрегімнің бойында терең бойла" атты республикалық мерейтойлық мүшайра өз мәресіне жетті: https://egemen.kz

 Шілде

• 1 шілде - «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының ресми сайты ашылды: https://egemen.kz

• 1 шілде - Ақыл-ой алыбын ардақтады (Польшада Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай пошта маркасы шығарылды): https://egemen.kz

• 8 шілде - Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақы­ны Абайдың 175 жыл­ды­ғына орай еңселі ескерт­кіш орнатылып, елорда күні ашылу салтанаты өтті: https://egemen.kz

• 17  шілде - Каирде "Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері" атты кітап жарық көрді: https://egemen.kz· 

• 20 шілде - "Алтын сандық" Абайдың-175 жылдығына Өңірдегі "Нұр-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігі мүшелерінің бастамасымен "Өлең-сөздің патшасы" тақырыбындағы рухани-әдеби-танымдық шара жүргізілуде: https://egemen.kz

• 23 шілде - Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылды: https://egemen.kz

• 31 шілде - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылымыздың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынды: https://egemen.kz

• 31 шілде - Қазақ елінің мәдени, әдеби, баспа тарихында тұңғыш рет қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, өз ұлтын қалыптастыруға жанын салған дана тұлға – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Халықаралық Абай клубы» тұғыры биік тұлғаның онтомдық толық шығармалар жинағын қазақ, орыс, ағыл¬шын, француз, неміс тілдерінде шығарып, тарту жасады:  https://egemen.kz

Тамыз

• 5 тамыз - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді - https://egemen.kz

• 10 тамыз - Абай күні "Астана Опера" ұлттық өнердің шедеврін ұсынады. Ұлттық классиканың тың жаңалығы – А.Жұбановтың "Абай" операсы, Л.Хамидидің нұсқасында жазылған М.Әуезовтің либреттосы Tengri TV-де және "Абай ТВ" телеарнасында көрсетіледі: https://egemen.kz

• 10 тамыз  "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудан халықаралық челлендж басталады: https://egemen.kz

• 10 тамыз - ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталары шығарылды: https://egemen.kz

• 10 тамыз  - Абай күніне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды: https://egemen.kz

• 10 тамыз - Жас кітапханашылардың ІІ слеті Абай мұрасына арналды: https://egemen.kz

• 10 тамыз - ТҮРКИЯДА Абайдың 175 жылдығы атап өтілді: https://turkystan.kz

• 10 тамыз -  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді: https://egemen.kz

• 10 тамыз - Өзбекстанда «Абайдың дана сөзі» атты кітап жарыққа шықты: http://madeniportal.kz

• 10 тамыз - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10 тамыз күні «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, номиналы 500 теңгелік монета - күмістен, номиналы 100 теңгелік шақа - мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік монета нейзильбер қоспасынан жасалған. Монеталар ақын және ағартушы Абайдың 175 жылдығына орай шығарылды: https://lenta.inform.kz

 • 13 тамыз 2020 жыл - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институтында «Абай ілімі жас ғалымдар көзімен» атты республикалық ғылыми конференция өтті: http://abai.kaznu.kz

Қыркүйек

• 2 қыркүйекте - Шығыс Қазақстан университетінде «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты ашылды: https://altaynews.kz

• 7 қыркүйекте -Қостанайда 1939 жылы шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды: https://egemen.kz

• 11 қыркүйек - Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды: https://24.kz

 • 11 қыркүйек - Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазылды: https://egemen.kz

 • 17 қыркүйек - Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қызылжарда ерекше ескерткіш жасалып жатыр. Ол Абай және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қабырғасын тұтас алғалы тұрған ақынның бейнесі салынған панно: https://egemen.kz

 • 20 қыркүйек - 4010 метр біктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына Қарулы Күштер атынан  Қазақстан Республикасының туын тікті,  ескерткіш мәрмәр тақтасы орнатылды: https://egemen.kz

• 22 қыркүйек - Омбыда Абай үйі ашылды: https://egemen.kz

• 23 қыркүйек - Абай шығармаларының қырғыз тіліндегі академиялық басылымы таныстырылды: https://egemen.kz

• 23 қыркүйек - Вильнюс қаласында Абайдың оқу залы ашылды: https://egemen.kz

• 24 қыркүйек - Анталияда Абай саябағы, ескерткіш тақта  ашылды: https://egemen.kz

• 25 қыркүйек - Эстонияда Абай мен Әл-Фарабидің құрметіне пошта маркалары шығарылды: https://egemen.kz

• 28 қыркүйек - Абай шығармалары моңғол тіліне аударылды: https://turkystan.kz

• 28 қыркүйек - Абу-Дабиде Абай орталығы ашылды: https://turkystan.kz

• 30 қыркүйек - Абайдың қара сөздері алғаш рет индонезия тіліне аударылды: https://egemen.kz

Қазан

• 1 қазан - «Хакім  Абайдың идеялары – ХХІ ғасырда» тақырыбында  халықаралық онлайн конференция өтті: https://egemen.kz

• 2 қазан -  Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті: https://egemen.kz

• 5 қазан - Абайдың қара сөздері алғаш рет словак тіліне аударылды: https://egemen.kz

• 9 қазан - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және адамзаттық гуманизм» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады: https://egemen.kz

• 9 қазан - Ұлы Абайдың атындағы мектеп бар Көкшетауда.   Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай, Көкшетаудағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа данышпан ақын есімі беріліп, Абай аллеясы ашылды: https://egemen.kz

• 13 қазан - Малайзияда Абай атындағы қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылып, Малайзиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің пысықтауымен алғаш рет малай тіліне аударылып және басылған Абайдың «Қара сөздер» кітабінің тұсаукесері өтті: https://egemen.kz

15 қазан - Президент Қасымжомарт Тоқаев Семейде "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашу салтанатына қатысты: https://egemen.kz

15 қазан - Президент Қасымжомарт Тоқаев Семейде абайтанушы ғалымдармен кездесті: https://egemen.kz

• 20 қазан - Алматыда Абайдың мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды: https://egemen.kz

• 21 қазан - Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті "Абай тұлғасы: ұлттық руханият және әлемдік өркениет" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді: https://egemen.kz

• 21 қазан - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 95-маусымы «Абайдың жұмбағы» атты жаңа премьерамен ашылды: https://egemen.kz

• 25 қазан - Түркістанда ұлы Абайдың еңселі ескерткіші ашылды: https://egemen.kz

• 26 қазан -Абай мерейтойына орай жас ақындар айтысы өтеді: https://egemen.kz

• 29 қазан -Тегеранда Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды: https://egemen.kz

 • 31 қазан - Будапештте "Абай Орталығы" ашылды: https://egemen.kz

Қараша

• 3 қараша - Германияда «АБАЙ МӘДЕНИ-ІСКЕРЛІК ҮЙІ» ашылды: https://turkystan.kz

• 5 қарашада - Ұлттық музейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты иллюстрациялық-кітап көрмесі ашылды: https://egemen.kz

 • 6 қараша - ABAI кітабының онлайн-тұсаукесері өтеді: https://egemen.kz

 • 9 қараша - Ақмола облысында Абайдың әдеби орталығы ашылды: https://egemen.kz

 • 11 қараша - Ақтөбеде Абай ескерткіші ашылды: https://didar-gazeti.kz

• 18 қараша -Текелі қаласының орталық саябағында Абай атындағы амфитеатр ашылды: https://egemen.kz

• 23 қараша - Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының орталығында ашылған жаңа мектеп гимназияға  Абай Құнанбайұлының есімін беру жөніндегі ұсынысты қолдады: https://egemen.kz

• 21 қараша - "Егеменнің" тілшісі Абайдың 175 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері атанды: https://egemen.kz

• 25 қараша - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт¬тық университеті мен Эгей университетінде (Измир,Түркия) қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жыл¬дық мерейтойы аясында «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн конференция өз жұмысын бастады: https://egemen.kz

• 25 қараша - Марқакөлде Абайға ескерткіш ашылды: https://didar-gazeti.kz

Желтоқсан

• 5 желтоқсан - Ханой ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының вьетнам тілінде шыққан «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері өтті: https://egemen.kz

• 7 желтоқсан - Үлкен Нарында Абай саябағы ашылды: https://didar-gazeti.kz

• 11 желтоқсан - Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағы жарыққа шықты: https://egemen.kz

• 11 желтоқсан - Абайдың «Қара сөздері» испан тіліне аударылды: https://egemen.kz

• 16 желтоқсан - Глубокое ауылында Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды: http://www.madeniportal.kz

• 19 желтоқсан - Босния және Герцеговинада Абайдың бюсті орнатылды: https://egemen.kz

• 20 желтоқсан - Татарстан Республикасы Ғылым академиясында «Түркі халықтары арасындағы ағар­ту қозғалысы және Абай шы­ғар­­машылығы» атты ха­лықара­лық ғылыми-тәжі­ри­белік онлайн-конференция өт­ті: https://egemen.kz

• 21 желтоқсан - Қырғыз Республикасының А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасында Абай Құнанбайұлы атындағы Қырғыз-Қазақ мәдени орталығы ашылды: https://egemen.kz

• 24 желтоқсан - Павлодарда Абайға ескерткіш қойылды: https://egemen.kz

• 24 желтоқсан - Санкт-Петербургте «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды: https://egemen.kz

• 25 желтоқсан -«Абай жолы» тарихи драмасы көрсетіледі: https://egemen.kz

• 25 желтоқсан -Түркияның Чорум қаласында Абай атындағы мұражай мен саябақ ашылды: https://egemen.kz 

• 26 желтоқсан - Сербияда Абай шығармалары жинағының тұсаукесері өтті: https://egemen.kz

• 27 желтоқсан - Бразилияда Қазақстан мен Абай туралы кітапша жарық көрді: https://egemen.kz 

2021 жыл

• 28 қаңтар - Риддерде Абай даңғылы, Өскеменде Бағдат Шаяхметов көшесі болады: https://didar-gazeti.kz

• 10 ақпан - Көкшетауда Абайтану орталығы ашылды: https://egemen.kz

 15 маусым - Алания қаласында Абай саябағы ашылды: https://egemen.kz

• 17 тамыз - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулдегі Кибер университеттің аумағына орнатылған ұлы Абай бюстінің ашылу салтанатына қатысты: akorda.kz

• 28 тамыз - Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды: egemen.kz

• 6 қазан -  Абай ауданының Шәкір Әбеновтің 120 жылдық мерейтойы аясында Құндызды ауылдық клубының алдына Абай Құнанбайұлының ескерткіш бюсінің ашылу салтанаты болды //Ертіс өңірі. - 2021.- 6 қазан. - Б. 8

• 23 қазан - Германияда Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды: egemen.kz

• 25 қазан - Харьковте Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды: Tengrinews.kz

• 9 қараша - Жезқазғанда Абай ескерткіші ашылды:  Ortalyq.kz

• 17 қараша - Түркістан облысының Арыс қаласында Абай ескерткіші ашылды: egemen.kz

• 19 желтоқсан - Аргентинада Абай көшесі мен Қазақстан алаңы ашылды: altaynews.kz

• 24 желтоқсан - Қазақтың әйгілі роман-эпопеясы «Абай жолы» «Шлях Абая» деген атпен беларусь тілінде жарық көрді: https://qazaqadebieti.kz

• 30 желтоқсан - Атырауда Абайдың ескерткіші ашылды: egemen.kz