Ескерткіштер | Сайт библиотеки
Ескерткіштер

abai175kz

Біздің Абай

Ескерткіштер

Жетісу 

Абай ескерткіші (Талдықорған қ. Жетісу обл.)

Б. Римова атындағы драма театрының алдында орналасқан.

Тұғыры – 5,3 метр, мүсіні – 3,6 метр.

Ескерт­кіштің авторы – Ақмырза Рүстембеков және Мейірлан Әзмағанбетов.

Ашылған күні: 21 наурыз 2023 ж.

Нью-Дели 

Абай Құнанбаевтың бюсті (Үндістан, Нью-Дели)

Үндістан астанасының орталығындағы Сан-Мартин саябағында орнатылған.

Ашылған күні: 2 маусым 2022 ж.

Бишкек  Абай Құнанбаев ескерткіші (Қырғызстан, Бішкек қ.)

Қырғызстан астанасындағы Театр алаңының орталық аллеясында орнатылған.

Ашылған күні: 26 ​​мамыр 2022 ж.

 Тбилиси Абай ескерткіші (Грузия, Тбилиси қ.)

Тбилисидегі алаңдардың бірінде орнатылған

Ашылған күні: 29 сәуір 2022 жыл

Атырау 

Абай ескерткіші (Атырау қаласы)

Абайдың еңселі ескерткіші ұлы ақынның аты берілген орталықтың алдына қойылды.

Биіктігі:  11 метр, қоладан құйылған

Авторы: Асқар Нартов.

Ашылған күні: 30 желтоқсан 2021 ж.

Арыс

Абай ескерткіші (Арыс қ.)

Түркістан облысының Арыс қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды.

Биіктігі: 4 метр, тұғыры – 2,20, бюст биіктігі – 1,50 метр. Тұғыры гранит-мрамордан жасалған.

Авторы: Тілеуберді Бинашев.

Ашылған күні: 11 қараша, 2021 ж.

Жезқазған

Абай ескерткіші (Жезқазған қ.)

Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.

Авторлары: суретші - Саид Айнеков, мүсінші - Тохтар Ермеков.

Биіктігі: 2,7 м, тұғыртасы 1,8 м. Абайдың қарасөздерінен үзінді жазылған 5  тас тақталары бар. Ескерткіш қоладан құйылған.

Ашылған күні: 9 қараша, 2021 ж. 

Париж

Абай бюсті (Франция, Париж қ.)

Бюст Париждің орталығында Ақындар алаңында орнатылған.

Ашылған күні: 7 желтоқсаны 2021 ж.


ХарьковХарьков

Абай ескерткіші (Харьков қ.)

Харьковте "Ойшылдар аллеясы" ашылып онда Абай Құнанбаев бейнеленген мүсін қойылды

"Ойшылдар аллеясындағы" ескерткіште Абайдан басқа Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзірбайжан ағартушысы мен философы Мырза Фатали Ахундов бейнеленген.
Мүсін Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынасты бейнелейді.
Ескерткіш авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбановтың айтуынша, бұл туынды "Өмір ағашы" деп аталады.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Ол субұрқақтар мен жасыл желек қоршаған Харьковтың танымал демалыс аймағында орналасқан.

Ашылған күні: 25 қазан, 2021 ж.

Германия

Абай ескерткіші (Германия)

Ұлы ақын ескерткіші Берлин қаласында ашылды.

Мүсінінің авторы - «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.

Ашылған күні: 23 қазан, 2021 ж.

Мажарстан

Абай ескерткіші (Мажарстан)

Мажарстанның Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылған күні: 28 тамыз 2021 ж.

Корея

Абай ескерткіші. (Сеул. Корея, 2021 ж.)

Абай бюсті, Сеул қаласындағы Кибер университеттің аумағына орнатылдыған.

Бюсттің жобасы Қазақстанда дайындалып, тұтас мүсіні Кореяда қоладан құйылған.

Ашылған күні: 17 тамыз, 2021 ж.

 

Стамбул

Абай ескерткіші (Түркия, Стамбул қ.)

Стамбулдың Зейтинбурну ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы алаңға орнатылған.

Ашылған күні: 18 наурызы 2021 ж.

Анкара

Абай бюсті (Түркия, Анкара қ.)

Анкараның Гёльбаши аймағында орнатылған.

Ашылған күні: 30 желтоқсан 2020 ж.

 Павлодар

Абай ескерткіші (Павлодар қ.)

Ескерткіш Павлодар қаласының орталық алаңына орнатылды.

Абай мүсіні көркем қоладан, тұғыры граниттен жасалған, биіктігі – 5,25 метр. Тұғырға Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген цитатасы жазылды.

Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Асқар Нартов. Оның эскиздік жобасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақстандағы монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша комиссия мүшелері таңдады.

Ашылған күні: 23 желтоқсан 2020 ж.

Сараево

Сараеводағы Абай бюсті (Босния және Герцеговина)

«Сараеваның ескі қаласы» тарихи ауданында орнатылған. Белгілі босниялық мүсінші, Босния және Герцеговина қолданбалы өнер жоғары мектебінің профессоры және халықаралық сыйлықтың иегері Стиепо Гаврич жасаған. Ескерткіш Миляцка өзенінің жағасында орналасқан, оның айналасын сәулет өнерінің туындылары – 1891 жылғы мэрия ғимараты, 16 ғасырдағы Хаджия мешіті, Ұлттық кітапхана және Босния астанасының басқа да көрікті жерлерімен қоршалған.

Ашылған күні: 18 желтоқсан 2020 ж.

Қарағанды

Абайдағы Абай ескерткіші (Қарағанды ​​облысы, Қазақстан)

Биіктігі он метрге жуық, қоладан құйылған.
Мәдениет үйінің алдындағы алаңға орнатылған.
Жоба авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.

Ашылған күні: 13 қараша 2020 ж.

Марқакөл

Абай ескерткіші (Күршім ауданы, Марқакөл ауылы, ШҚО)

Орталық алаңда орнатылды.

Ескерткіштің биіктігі: 6 метр.

Авторы: мүсінші Альдебаев Нурахмет Зиябекұлы.

Ашылған күні: 12 қараша 2020 ж.

Ақтөбе

Абай ескерткіші (Ақтөбе қ.)

Ақтөбе қаласының орталығы –Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысқан тұсында Абай ескерткіші ашылды.
Ескерткіш авторлары – белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тоқтар Ермеков және Жеңіс Жұбанқосов.
Ескерткіштің биіктігі –6,20 метр, тұғыры –2,40 метр, Абай мүсіні –3,80 метр.


Ашылған уақыты: 27 қазан 2020 жыл.

Семей

"Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткіші (Семей қ.)

«Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіші Абай қорық-мұражайының алдында орналасқан. Қоладан құйылған бес метрлік ескерткіште Абай ұлдары Ақылбай мен Тұрағұлдың ортасында отырған мүсіні сомдалған.

Авторы: мүсінші Нұрбол Қалиев.

Ашылған күні: 15 қазан 2020 ж.

Бухарест

Абай ескерткіші (Румыния, Бухарест, 2020 ж.)

Бюст авторы – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.

Ашылған күні: 11 қыркүйек 2020 ж.

Анталья

Анталиядағы Абай Құнанбаевтың бейнесі бар мемориалдық тақта (Түркия)

Ашылған күні: 10 тамыз 2020 ж.

Святи Влас

Свети-Властағы Абайдың барельефі (Болгария)

Атақты тұлғалар аллеясында орнатылған.

Ашылған күні: 10 тамыз 2020 ж.

Қарабұта

Абай ескерткіші (ШҚО, Ұржар ауданы, Қарабұта ауылы)


Қарабұта ауылының орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды.
Демеушілік жасаған - жеке кəсіпкер Марат Қажыкенұлы Бекбаев.
Авторы - мүсінші Асхат Оразғалиев

Ашылған күні: 4 тамыз 2020 ж.

 

Кентау

Абай ескерткіші (Түркістан облысы, Кентау қ.)

Қала орталығындағы Абай даңғылы бойында орналасқан.

Биіктігі 4,5 метр ес­керт­кіш 3 метрлік тұ­ғыр­ға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метр, салмағы 3 тонна.

Авторы – мүсін­ші Бауыржан Жалын.

Ашылған күні: 6 шілде 2020 ж.  

Жидебай

Жидебай ауылындағы Абай мен Шәкәрім бейнеленген стела (Қазақстан, Абай облысы, Абай ауданы)

Ақынның мұражай-үйі орналасқан Жидебай ауылының кіреберісіне орнатылған.
Биіктігі 9,5 метр. Жалпы салмағы 3,5 тонна.
Стела «Жидебай» деген жазуы бар ашық кітап түрінде жасалған. Құрылымның бетінде Шыңғыстау таулары бейнеленген. Ең жоғарғы жағында жұлдыз бар.

Ашылған күні: 26 ​​маусым 2020 ж.

Жетісу

Абай бюсті (Алматы қаласы, Жетісу ауданы)

 Ескерткіш-бюст авторы: Тілеуберді Бинашев.

Ашылған уақыты: 6 ақпан 2020 ж.

Женева  Абай ескерткіші (Швейцария,Женева қ.)

Салмағы 40 келі болатын қола бюст қазақ ойшылының 175 жылдығы мен ұйымның 75 жылдығы тойланатын жылы БҰҰ-ға Қазақстанның сыйлығы болды.
Географиялық тұрғыдан алғанда, бюст Женевадағы БҰҰ кеңсесінің қарусыздану жөніндегі конференц-залының жанында орналасқан. Қазақ әдебиеті атасының қола бюстін қазақтың белгілі мүсінші Талғат Анарбеков жасаған.

Ашылған күні: 2020 жыл

Баку

Абай Құнанбаевқа арналған мемориалдық тақта (Әзірбайжан,Баку)

Ағартушының 175 жылдық мерейтойында оның атындағы көшеге орнатылды.

Ашылған күні: 2020 жыл

Каркаралинск

Қарқаралыдағы Абайдың оюы бар ескерткіш тас (Қарағанды ​​облысы, Қазақстан)

Монолиттің салмағы 2,5 тоннадан астам, биіктігі 350 см.
Гравюра авторы – Манарбек Кәрім.

Ашылған күні: 9 қазан 2019 ж.

Самар

Абай ескерткіші (Самар ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО)

Ұлы ақынның атындағы орталық алаңда орнатылды.
Ескерткіштің биіктігі: тұғырымен қоса есептегенде 7 метр.

Авторы: мүсінші Әлібек Шоқанов.

Ашылған күні: 23 тамыз 2019 ж.

Қарқаралы

Аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбаевқа арналып ескерткіш (Қарағанды облысы, Қарқаралы қ.)

Ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Мүсін таза мыстан жасалған. 
Ескерткіш мешіт жанында орнатылған. Алла үйін 1851 жылы Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы салған.

Мүсіндік композицияның авторы — Сәкен Дәулетбаев. Оның ойынша, ескерткіш медреседен үйге оралған жас Абайды әкесі қарсы алған сәтін бейнелейді.

Ашылған күні: 29 мамыр 2019 ж.

Көктал

Абай ескерткіші (Көктал ауылы, Панфилов ауданы, Алматы облысы)

Абай атындағы орта мектептің алдында орналасқан.

Ашылған күні: 25 мамыр 2019 ж.

Стамбул

Абай ескерткіші. (Түркия, Стамбул, 2019 ж.)

 

 

Ақтау

Абай ескерткіші (Ақтау қ.)

"Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды.
Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6
Авторы: мүсінші Багдаулет Еркинбеков.

Ашылған уақыты: 15 желтоқсан 2018 ж.

Караул

Абай ескерткіші (Қазақстан, Абай облысы, Абай ауданы,Қарауыл ауылы)

Абай ауданының 90 жылдығы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуын мерекелеу аясында ашылды. Ескерткіш қоладан жасалған. Биіктігі 4,6 метр, тұғырды қосқанда – 8 метр.
Мүсінші – Нұрбол Қалиев.

Ашылған күні: 19 тамыз 2018 ж.

Франция

Абай ескерткіші (Франция, Ренн қ.)

Бюст қала орталығындағы «Алматы» деп аталатын әсем саябақта орнатылған.

Ашылған күні: 14 қазан 2016 ж.

Мысыр

Абайдың бюсты (Мысыр, Каир қ.)

Мүсін авторы: мысырдың танымал мүсіншісі Усама әл-Серуи

Бюстке қаражатты мысырлық меценат Хусейн әл-Шафии шығарған.

Ашылған күні: 16 қазан 2016 ж.

Қалбатау

Абайдың әжесі Зереге орнатылған ескерткіш (Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы)

Ескерткіш авторы: Ертіс Тәтиев

Ашылған күні: 17 тамыз 2016 ж.

Тараз

Тараз төрінде Абай ескерткіші орын тепті.

Бұл - Шығыс Қазақстан елінің қазақ хандығының 550 жылдығына, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арнап жыр алыбы Жамбыл жеріне арнаған сый-тартуы.
Мүсінші – Гайсин Евгений Ирданович
Биіктігі – 6,6 м.

Ашылған күні: 2015 ж.

Венгрия

Абай ескерткіші (Будапешт қ., Венгрия)

Ақын мүсіні Будапешттегі Астана көшесінде бой көтерді.
Ескерткіш Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында ашылды.
Делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де болды.
Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі 1070 мм, ені - 900 мм.

Ашылған күні: 3 маусым 2014 ж.

Пекин

Абай ескерткіші (Пекин қ., Қытай Халық Республикасы)

Қытай астанасының орталығындағы "Чаоян" саябағында орнатылған. Ескерткіш ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Қытайға сапары аясында ашылды. Министр қазақ халқының ұлы ақынына ескерткіш қою идеясының бастамашысы Қазақстан Елшілігіне алғыс білдірді.

Мүсін авторы, сәулетші Юань Сикунь.

Ашылған күні: 19 наурыз 2014 ж.

Ташкент

Абай ескерткіші (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)

Қазақ ақыны Абай ескерткіші мен Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратын президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов ашты. Абай ескерткішінің авторлары белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Авторлар ақын бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының дархан көңілі мен ұлы ойшылдың дана тұлғасын сомдаған. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр.

Ашылған күні: 14 маусым 2013 ж.

Баку

Абай бюсті. (Баку қ., Әзербайжан) 

Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық ашылып, сол жерге ұлы ойшылдың бюсті қойылды.

Ашылған күні: 2011 жыл

Баку

Абайдың мемориалдық тақтасы (Баку қ., Әжірбайжан)

Ашылған күні: 2011 ж.

Алматы

Метроның «Абай» стансасындағы барельеф (Алматы қ.)

"Абай" стансасы 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Метро төрінде қола және «флоренция нақышында» орындалған Абай бейнесi бедерленген көркем панно орналасқан. Бедерлі композиция сәулет өнерімен үндесіп замана стиліне сай нақышталған. Абайдың қара сөздері, ой иiрiмдерi, ғибратты тәмсiлдерi көңiлiңiздi әр қиырға жетелеп, санаңызға серпiлiс әкеледi. 

Ашылған күні: 1 желтоқсан 2011 ж.  

Қарағанды  Абай ескерткіші (Шахтинск қ., Қарағанды облысы)

Ескерткіш Шахтинск қаласының 50 жылдығында қала әкімдігі жанындағы саябақта ашылды.
Мүсінші-Нұрлан Далбай.

Ашылған күні: тамыз 2011 ж. 

Алматы Абай Құнанбаев мүсіні (Алматы қ.)

Абай атындағы ҚазҰПУ негізгі корпусы кіреберісінде орналасқан.

Ашылған күні: 2011 жыл

Астана

Абай ескерткіші (Астана қ.)

Елорданың ескі қалашығының Орталық алаңына таяу орнатылған. Абайдың еңселі ескерткіші 7 метрлік тұғырда бой көтерді. Абай мүсінінің биіктігі - 7,5 метр.

Жоба авторы – алматылық мүсінші Болат Досжанов.

Ашылған күні: 19 маусым 2010 ж.

Өскемен

Абай ескерткіші (Өскемен қ.)

Қаланың Республика алаңында орнатылған.

Авторлар: мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы ҚР Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірледі.

Ескеркіштің биіктігі – 5 метр 40 см. Басқыштары мен тұғыры – 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна.

Ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж.

Екібастұз

Абай бюсты (Екібастұз қаласы)

Екібастұз қаласы әкімдігінің тапсырысымен жасалған.

Автор: мүсінші Б.Қ.Қайнышева

Ашылған күні: 18 шілде 2009 ж

Жидебай

Абай мұражайына кіреберістегі монумент (Жидебай ауылы, Абай ауданы, ШҚО)

Ашылған күні: 30 маусым 2009 ж.

Тараз

Абай Құнанбаев ескерткіші (Тараз қ).

Гранитті тұғырда ашық кітап бар. Бір бетінде ұлы ақын-философтың мүсіндік барельефі, екінші бетінде әр қазақты бір-бірін дос тұтуға шақыратын «Тәңір сөзінен» нақыл сөз берілген.
Биіктігі 4 метр.

Ашылған күні: 2009 ж

Қарағанды

Абай ескерткіші (Абай қ., Қарағанды облысы)

Қарағанды

Абай ескерткіші («Шалқыма» концерт залындағы гүлзар, Қарағанды қаласы).

Ескерткіш Қазақстан суретшілер Одағының Қарағанды облыстық ұйымының көркем-өндіріс комбинатында құйылған.

Материалы: қола, гранит.

Авторы: мүсінші А.Нартов, суретші Е.Шахиев. Ескерткіштің биіктігі - 9,9 м.

Ашылған күні: желтоқсан 2008 ж.

Тегеран

Абай мүсіні (Тегеран қ. Иран Ислам Республикасы)

Ұлттық кітапханаға кіреберіс аллеяда орнатылған.

Ашылған күні: 15 қазан 2007 ж.

Петропавл

Абай мен Пушкин ескерткіші (Петропавл қ.)

2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы деп жарияланды. Тәуелсіздік күні Петропавл қазақ ақыны Абай Құнанбаев пен орыс ақыны Александр Пушкинге ескерткіш ашылды. Абай-Пушкин композициясы екі халықтың достығын паш етеді. Символикалық тіршілік ағашымен жалғасқан Абай мен Пушкин композициясының биіктігі 5,2 метр, осы тұлғалардың өмір сүрген дәуірлерін бөліп, сонымен бірге мәңгілік символы ретінде біріктіріп тұр.

Авторлар: мүсінші К. Сатыбалдин, сәулетші С. Баймагамбетов және В. Затай.

Ашылған күні: 16 желтоқсан 2006 ж.

Мәскеу Абай ескерткіші (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)

Қазақстан Елшілігі маңайына қойылған.

Авторлық ұжым: мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко.

Мекен-жайы: Чистопрудный бульвары, үй. 12С1..

Ашылған күні: 2006 ж.

Айет

Абай ескерткіші (Қостанай облысы, Қазақстан)
Орталық алаңда орнатылған. Биіктігі шамамен 2 метр. Авторлары Белоусовтар.
Мүсін 1960 жылы жасалған. Смайловкадан облыс орталығына тасымалданды.  2005 жылы қайта құрылып, қалпына келтірілді.

Байқоңыр

 

Абай Құнанбаев ескерткіші (Байқоңыр қ., Қызылорда облысы)

 

Ашылған күні: 2003 жыл

 

Орал

Абай ескерткіші (Орал қ.)

Қаланың орталық алаңында орнатылған. Граниттен жасалып, Классикалық үлгіде орындалған тұғырда бой көтерген.

Авторы: ҚР суретшілер Одағының мүшесі, алматылық мүсінші Нұрлан Далбай.

Ашылған күні: 27 тамыз 2002 ж.

Астана

Абай ескерткіші (Астана қ.)

Астана қаласында қоладан құйылған Абай мүсінінің биіктігі 3,5 метр. Қолына кітабын ұстаған Ұлы Абай, халқының болашағын зерделеп, алысқа барлай көз салады.

Ескерткіш авторлары – мүсінші Тоқтар Ермеков және сәулетші Нұрбек Айжанов.

Ашылған күні: 10 маусым 2000 ж.

Орал

Абай бюсті (Орал қ.)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттің алдында орналасқан.

Ашылған күні: 2000 жыл

Шымкент

Абай ескерткіші (Шымкент қ.)

Ашылған күні: 1995 жыл

Степногорск

Абай ескерткіші (Степногорск қ.)

Ашылған күні: 1985 ж.

Семей  Абай ескерткіші (Семей қ.)

Ескерткіш Абай алаңына орнатылған. Тұғырда Абайдың: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген сөзі жазылған.

Материалы – тас.

Авторлары: мүсінші Д.Г. Элбакидзе, сәулетші - Шингарев.

Ашылған күні: 1972 ж.

Қарауыл  Абай ескерткіш-монументі (Қарауыл ауылы, Абай ауданы, ШҚО).

Ескерткіш Әкімшілік ғимараты алдындағы орталық алаңда орналасқан.

Ашылған күні: 1971 жыл

Алматы

Республика сарайы алдында Абай атындағы алаңға қойылған ескерткіш (Алматы қ.)

Ескерткішті Мүсінші Xәкімжан Наурызбаев қоладан құйған. Сәулетші И. И. Белоцерковский қызыл граниттен қалаған тұғыр жобасы ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түседі.

Ескерткіштің тұтас биіктігі 13,7 м.

Ашылған күні: 1960 ж.