 |
Абай ескерткіші (Нұр-Сұлтан қ.)
Астана қаласында қоладан құйылған Абай мүсінінің биіктігі 3,5 метр. Қолына кітабын ұстаған Ұлы Абай, халқының болашағын зерделеп, алысқа барлай көз салады.
Ескерткіш авторлары – мүсінші Тоқтар Ермеков және сәулетші Нұрбек Айжанов.
Ашылған күні: 10 маусым 2000 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Нұр-Сұлтан қ.)
Елорданың ескі қалашығының Орталық алаңына таяу орнатылған. Абайдың еңселі ескерткіші 7 метрлік тұғырда бой көтерді. Абай мүсінінің биіктігі - 7,5 метр.
Жоба авторы – алматылық мүсінші Болат Досжанов.
Ашылған күні: 19 маусым 2010 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Алматы қаласы, Жетісу ауданы)
Ескерткіш-бюст авторы: Тілеуберді Бинашев.
Ашылған уақыты: 6 ақпан 2020 жыл.
|
 |
Республика сарайы алдында Абай атындағы алаңға қойылған ескерткіш (Алматы қ.)
Ескерткішті Мүсінші Xәкімжан Наурызбаев қоладан құйған. Сәулетші И. И. Белоцерковский қызыл граниттен қалаған тұғыр жобасы ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түседі.
Ескерткіштің тұтас биіктігі 13,7 м.
Ескерткіштің ашылуы: 1960 ж.
|
 |
Метроның «Абай» стансасындағы барельеф (Алматы қ.)
"Абай" стансасы 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Метро төрінде қола және «флоренция нақышында» орындалған Абай бейнесi бедерленген көркем панно орналасқан. Бедерлі композиция сәулет өнерімен үндесіп замана стиліне сай нақышталған. Абайдың қара сөздері, ой иiрiмдерi, ғибратты тәмсiлдерi көңiлiңiздi әр қиырға жетелеп, санаңызға серпiлiс әкеледi.
|
 |
Абай Құнанбаев мүсіні (Алматы қ.)
Абай атындағы ҚазҰПУ негізгі корпусы кіреберісіне орналасқан.
|
 |
Абай ескерткіші (Көктал ауылы, Панфилов ауданы, Алматы облысы)
Абай атындағы орта мектептің алдында орналасқан.
Ашылған уақыты: 25 мамыр 2019 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Талдықорған қ. Жетісу обл.)
Б. Римова атындағы драма театрының алдында орналасқан.
Тұғыры – 5,3 метр, мүсіні – 3,6 метр.
Ескерткіштің авторы – Ақмырза Рүстембеков және Мейірлан Әзмағанбетов.
|
 |
Абай ескерткіші (Шымкент қ.) |
 |
Абай ескерткіші (Түркістан облысы, Кентау қ.)
Қала орталығындағы Абай даңғылы бойында орналасқан.
Биіктігі 4,5 метр ескерткіш 3 метрлік тұғырға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метр, салмағы 3 тонна.
Авторы – мүсінші Бауыржан Жалын.
Ашылған күні: 6 шілде 2020 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Жазқазған қ.)
Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.
Авторлары: суретші - Саид Айнеков, мүсінші - Тохтар Ермеков.
Биіктігі: 2,7 м, тұғыртасы 1,8 м. Абайдың қарасөздерінен үзінді жазылған 5 тас тақталары бар. Ескерткіш қоладан құйылған.
Ашылған күні: 9 қараша, 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Арыс қ.)
Түркістан облысының Арыс қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды.
Биіктігі: 4 метр, тұғыры – 2,20, бюст биіктігі – 1,50 метр. Тұғыры гранит-мрамордан жасалған.
Авторы: Тілеуберді Бинашев.
Ашылған күні: 11 қараша, 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Атырау қаласы)
Абайдың еңселі ескерткіші ұлы ақынның аты берілген орталықтың алдына қойылды.
Биіктігі: 11 метр, қоладан құйылған
Авторы: Асқар Нартов.
|
 |
Абай ескерткіші (ШҚО, Ұржар ауданы, Қарабұта ауылы)
Қарабұта ауылының орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Демеушілік жасаған - жеке кəсіпкер Марат Қажыкенұлы Бекбаев. Авторы - мүсінші Асхат Оразғалиев Ашылған күні: 4 тамыз 2020 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Өскемен қ.)
Қаланың Республика алаңында орнатылған.
Авторлар: мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы ҚР Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірледі.
Ескеркіштің биіктігі – 5 метр 40 см. Басқыштары мен тұғыры – 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна.
Ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Семей қ.)
Ескерткіш Абай алаңына орнатылған. Тұғырда Абайдың: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген сөзі жазылған.
Материалы – тас.
Авторлары: мүсінші Д.Г. Элбакидзе, сәулетші - Шингарев.
Ашылған күні: 1972 ж.
|
 |
"Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткіші (Семей қ.)
«Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіші Абай қорық-мұражайының алдында орналасқан. Қоладан құйылған бес метрлік ескерткіште Абай ұлдары Ақылбай мен Тұрағұлдың ортасында отырған мүсіні сомдалған.
Авторы: мүсінші Нұрбол Қалиев.
Ашылған күні: 15 қазан 2020 ж.
|
 |
Абай мұражайына кіреберістегі монумент (Жидебай ауылы, Абай ауданы, ШҚО)
|
 |
Абай ескерткіш-монументі (Қарауыл ауылы, Абай ауданы, ШҚО).
Ескерткіш Әкімшілік ғимараты алдындағы орталық алаңда орналасқан.
1971 жылы жасалған.
|
 |
Абай ескерткіші (Самар ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО)
Ұлы ақынның атындағы орталық алаңда орнатылды. Ескерткіштің биіктігі: тұғырымен қоса есептегенде 7 метр.
Авторы: мүсінші Әлібек Шоқанов.
Ашылған уақыты: 23 тамыз 2019 жыл.
|
 |
Абай ескерткіші (Күршім ауданы, Марқакөл ауылы, ШҚО)
Орталық алаңда орнатылды.
Ескерткіштің биіктігі: 6 метр.
Авторы: мүсінші Альдебаев Нурахмет Зиябекұлы.
Ашылған уақыты: 15 қараша 2020 жыл.
|
 |
Абай ескерткіші (Күршім ауылы, Шығыс Қазақсан облысы)
Қоладан жасалған, биіктігі 6 метр.
Авторы: мүсінші Альдебаев Нурахмет Зиябекұлы.
Ашылған уақыты: қараша, 2020 ж.
|
 |
Аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбаевқа арналып ескерткіш (Қарағанды облысы, Қарқаралы қ.)
Ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Мүсін таза мыстан жасалған. Ескерткіш мешіт жанында орнатылған. Алла үйін 1851 жылы Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы салған.
Мүсіндік композицияның авторы — Сәкен Дәулетбаев. Оның ойынша, ескерткіш медреседен үйге оралған жас Абайды әкесі қарсы алған сәтін бейнелейді.
Ашылған уақыты: 29 мамыр 2019 жыл.
|
 |
Абайдың әжесі Зереге орнатылған ескерткіш (Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы)
Ескерткіш авторы: Ертіс Тәти
Ашылған уақыты: 17 тамыз, 2016 ж.
|
 |
Тараз төрінде Абай ескерткіші орын тепті.
Бұл - Шығыс Қазақстан елінің қазақ хандығының 550 жылдығына, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арнап жыр алыбы Жамбыл жеріне арнаған сый-тартуы. Мүсінші – Гайсин Евгений Ирданович Биіктігі – 6,6 м.
|
 |
Абай Құнанбаев ескерткіші (Тараз қ).
|
 |
Абай ескерткіші (Орал қ.)
Қаланың орталық алаңында орнатылған. Граниттен жасалып, Классикалық үлгіде орындалған тұғырда бой көтерген.
Авторы: ҚР суретшілер Одағының мүшесі, алматылық мүсінші Нұрлан Далбай.
Ашылған күні: 27 тамыз 2002 ж.
|
 |
Абай бюсті (Орал қ.)
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттің алдында орналасқан.
|
 |
Абай ескерткіші (Абай қ., Қарағанды облысы)
|
 |
Абай ескерткіші (Шахтинск қ., Қарағанды облысы)
|
 |
Абай ескерткіші («Шалқыма» концерт залындағы гүлзар, Қарағанды қаласы).
Ескерткіш Қазақстан суретшілер Одағының Қарағанды облыстық ұйымының көркем-өндіріс комбинатында құйылған.
Материалы: қола, гранит.
Авторы: мүсінші А.Нартов, суретші Е.Шахиев. Ескерткіштің биіктігі - 9,9 м.
Ашылған күні: желтоқсан 2008 ж.
|
 |
Абай Құнанбаев монументі (Байқоңыр қ., Қызылорда облысы)
|
|
Абай ескерткіші (Ақтау қ.)
"Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды. Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6 Авторы: мүсінші Багдаулет Еркинбеков.
Ашылған уақыты: 15 желтоқсан 2018 жыл.
|
 |
Абай мен Пушкин ескерткіші (Петропавл қ.)
2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы деп жарияланды. Тәуелсіздік күні Петропавл қазақ ақыны Абай Құнанбаев пен орыс ақыны Александр Пушкинге ескерткіш ашылды. Абай-Пушкин композициясы екі халықтың достығын паш етеді. Символикалық тіршілік ағашымен жалғасқан Абай мен Пушкин композициясының биіктігі 5,2 метр, осы тұлғалардың өмір сүрген дәуірлерін бөліп, сонымен бірге мәңгілік символы ретінде біріктіріп тұр.
Авторлар: мүсінші К. Сатыбалдин, сәулетші С. Баймагамбетов және В. Затай.
|
 |
Абай бюсты (Екібастұз қаласы)
Екібастұз қаласы әкімдігінің тапсырысымен жасалған.
Автор: мүсінші Б.Қ.Қайнышева
Ашылған күні: 2009 ж
|
 |
Абай ескерткіші (Степногорск қ.)
Ашылған уақыты: 1979 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Коктал ауылы, Панфилов ауданы, Алматы облысы)
Орнатылған орны: Абай атындағы орта мектептің алдында
Ашылған уақыты: 25 мамыр 2019 ж.
|
|
Абай ескерткіші (Ақтөбе қ.)
Ақтөбе қаласының орталығы –Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысқан тұсында Абай ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары – белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тоқтар Ермеков және Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіштің биіктігі –6,20 метр, тұғыры –2,40 метр, Абай мүсіні –3,80 метр. Ашылған уақыты: 27 қазан 2020 жыл.
|
 |
Абай ескерткіші (Павлодар қ.)
Ескерткіш Павлодар қаласының орталық алаңына орнатылды.
Абай мүсіні көркем қоладан, тұғыры граниттен жасалған, биіктігі – 5,25 метр. Тұғырға Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген цитатасы жазылды.
Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Асқар Нартов. Оның эскиздік жобасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақстандағы монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша комиссия мүшелері таңдады. Ашылған күні: 23 желтоқсан, 2020 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Жезқазған қ.)
Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.
Ескерткіш — қоладан құйылған, мүсіннің биіктігі 2,70 метр; тұғыртасы — 1,80 метр; Абайдың қарасөздерінен үзінді жазылған 5 тас тақталар. Авторлары: суретші Саид Айнеков пен мүсінші Тохтар Ермеков. Ашылған күні: 9 қараша, 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
Қазақстан Елшілігі маңайына қойылған.
Авторлық ұжым: мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко.
Мекен-жайы: Чистопрудный бульвары, үй. 12С1..
Салынған уақыты: 2006 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)
Қазақ ақыны Абай ескерткіші мен Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратын президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов ашты. Абай ескерткішінің авторлары белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Авторлар ақын бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының дархан көңілі мен ұлы ойшылдың дана тұлғасын сомдаған. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр.
Ашылған күні: 14 маусым 2013 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Будапешт қ., Венгрия)
Ақын мүсіні Будапешттегі Астана көшесінде бой көтерді. Ескерткіш Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында ашылды. Делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де болды. Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі 1070 мм, ені - 900 мм. Ашылған күні: маусым 2014 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Пекин қ., Қытай Халық Республикасы)
Қытай астанасының орталығындағы "Чаоян" саябағында орнатылған. Ескерткіш ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Қытайға сапары аясында ашылды. Министр қазақ халқының ұлы ақынына ескерткіш қою идеясының бастамашысы Қазақстан Елшілігіне алғыс білдірді.
Мүсін авторы, сәулетші Юань Сикунь.
Ашылған күні: 19 наурыз 2014 ж.
|
 |
Абай мүсіні (Тегеран қ. Иран Ислам Республикасы)
Ұлттық кітапханаға кіреберіс аллеяда орнатылған.
Ашылған күні: 15 қазан 2007 ж.
|
 |
Абай бюсті. (Баку қ., Әзербайжан, 2011 ж.)
Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық ашылып, сол жерге ұлы ойшылдың бюсті қойылды.
|
 |
Абайдың мемориалдық тақтасы (Баку қ., Әжірбайжан, 2000 ж.)
|
 |
Абай ескерткіші (Франция, Ренн қ. 2016 ж.) |
 |
Абайдың бюсты (Мысыр, Каир қ., 2016 ж.)
Мүсін авторы: мысырдың танымал мүсіншісі Усама әл-Серуи
Бюстке қаражатты мысырлық меценат Хусейн әл-Шафии шығарған.
|
 |
Абай ескерткіші. (Түркия, Стамбул, 2019 ж.)
|
 |
Абай ескерткіші. (Румыния, Бухарест, 2020 ж.)
Ашылған күні: 11 қыркүйек, 2020 ж.
|
|
Абай ескерткіші. (Сеул. Корея, 2020 ж.)
Абай бюсті, Сеул қаласындағы Кибер университеттің аумағына орнатылдыған.
Бюсттің жобасы Қазақстанда дайындалып, тұтас мүсіні Кореяда қоладан құйылған.
Ашылған күні: 17 тамыз, 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Мажарстан)
Мажарстанның Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылған күні: 28 тамыз0 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Германия)
Ұлы ақын ескерткіші Берлин қаласында ашылды.
Мүсінінің авторы - «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.
Ашылған күні: 23 қазан, 2021 ж.
|
 |
Абай ескерткіші (Харьков қ.)
Харьковте "Ойшылдар аллеясы" ашылып онда Абай Құнанбаев бейнеленген мүсін қойылды
"Ойшылдар аллеясындағы" ескерткіште Абайдан басқа Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзірбайжан ағартушысы мен философы Мырза Фатали Ахундов бейнеленген. Мүсін Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынасты бейнелейді. Ескерткіш авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбановтың айтуынша, бұл туынды "Өмір ағашы" деп аталады.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Ол субұрқақтар мен жасыл желек қоршаған Харьковтың танымал демалыс аймағында орналасқан.
Ашылған күні: 25 қазан, 2021 ж.
|