Стрит-арт: муралдар, граффитилер... | Сайт библиотеки
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...

Біздің Абай

Біздің Абай

Стрит-арт: муралдар, граффитилер...

Алтай қаласы Горький көшесіндегі тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

Алтай қаласы Горький көшесіндегі тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

Жобаның бастамашысы - Алтай ауданының әкімдігі. Муралмен «СТРОЙОСНОВА ПЛЮС» ЖШС мамандары жұмыс істеді.

Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл.

Жетісудегі тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Жетісу облысы, Қазақстан)

Жетісудегі тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Жетісу облысы, Қазақстан)

Мурал жасанды интеллект арқылы жасалған.

Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл.

Зайсан қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) тұрғын үй қабырғасындағы мурал Зайсан қаласындағы тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

 

Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл. 

 Петропавлда Пушкин мен Абай көшелерінің қиылысында Қозыбаев атындағы университеттің оқу корпусының қабырғасындағы мурал

Петропавлда Пушкин мен Абай көшелерінің қиылысында Қозыбаев атындағы университеттің оқу корпусының қабырғасындағы мурал


Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл.

 Абай қаласында Абай атындағы көшеге қарайтын бес қабатты үйдің қасбетіндегі мурал

Абай қаласында Абай атындағы көшеге қарайтын бес қабатты үйдің қасбетіндегі мурал (Қарағанды облысы, Қазақстан)

12 метрлік муралдағы Абай бейнесі керемет сары, жасыл және қоңыр реңктерде орындалған, бұл композицияға жылулық, үйлесімділік пен тарихи тереңдік береді. Ақын дәстүрлі шапанда және қолында кітаппен бейнеленген, бұл - оның білім мен рухани ағартуға деген тынымсыз ұмтылысының символы.

Муралдың авторлары - Шахтинск суретшілері Ерсін Темірғалиев пен Жәнібек Жұмабек.

 Ашылу күні: 8 шілде 2025 жыл.

Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің қасбетіндегі мурал (Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің қасбетіндегі мурал (Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

Орал суретшілері Яков пен Дарья Полищук орындаған. Оның ауданы 250 шаршы метрді құрайды.

 

Ашылу күні: 12 қазан 2020 жыл.

 Аягөз қаласы Қабанбай көшесіндегі көпқабатты үйдің қабырғасындағы мурал

Аягөз қаласы Қабанбай көшесіндегі көпқабатты үйдің қабырғасындағы мурал(Абай облысы, Қазақстан)
Мурал ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылды. Қабырғада ақынның әйгілі «Адал жүріп, Адал тұр» сөзі, сондай-ақ колл-орталықтың нөмірі (1424) және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің эмблемасы бейнеленген. Бұл бейне азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, оларға адалдық, әділдік және әдептілік принциптерін сіңіруге бағытталған.

Ашылу күні: 23 қыркүйек 2020 жыл.

Рудный қаласындағы 9 қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Қостанай облысы, Қазақстан)

Рудный қаласындағы 9 қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Қостанай облысы, Қазақстан)

Биіктігі 22 метрге және ені 10 м-ге жуық бейнеде павлодарлық «MyStyle» аэрография студиясының үш адамы – суретші, идея авторы және дизайнері еңбек етті. Студия жетекшісі, идея авторы - Антон Толчин.

Ашылу күні: 4 қыркүйек 2020 жыл.

 Жітіқара қаласында қабырғадағы мурал (Қостанай облысы, Қазақстан)

Жітіқара қаласында қабырғадағы мурал (Қостанай облысы, Қазақстан)

Муралда ересек Абай Құнанбайұлы ғана бейнеленбеген, мұнда әжесі Зере де, ақынның бала күніндегі келбетін де көруге болады. Сонымен қатар, муралда QR-код орналастырылған, ол бойынша әркім Абайдың «Қара сөздерін» оқи алады. 

Ашылу күні: 21 қазан 2020 жыл.

Mural Kostanai

Қостанайда тоғыз қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Қостанай облысы, Қазақстан)

Жобаны жасау үшін Tigrohaud Crew («Тигрохауд крю») Алматы көше суретшілерінің дуэті - Әли Закир мен Ержан Танаев еңбек етті. 

Ашылу күні: 17 шілде 2018 жыл. 

 

Абай даңғылындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Өскемен қ.)

Абай даңғылындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Өскемен қ.)

Абай қолындағы кітаппен бейнеленген. Муралдың төменгі жағында суретшілер «Адамзаттың бәрін сүй, бауырымдеп» деген оныңбір сөзін әдемі жазумен жеткізген.
Абай Құнанбайұлы суретінің авторы- Алматы көркем сурет академиясының магистранты Айбек Нұрбеков.

Ашылу күні: 26 қыркүйек 2017 жыл.